Ultimate Fighting Championship
| Бұл мақаладағы кейбір мәлімет ескірген. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті мәліметті енгізу арқылы Қазақша Уикипедияға үлес қосыңыз. Мәліметті жаңартқаннан кейін, бұл үлгіні мақаладан алып тастаңыз. |
| Ultimate Fighting Championship | |
| UFC | |
| | |
| Басшылары | |
|---|---|
| Ұйым түрі: |
аралас жекпе-жек |
| Басшысы |
Дэйна Уайт |
| Негізін салушы |
Арт Дейви |
|
1993 жыл | |
| ufc.com | |
Ultimate Fighting Championship (қаз. Абсолют төбелес чемпионаты) — бас кеңсесі АҚШ, Лас-Вегаста орналасқан және Солтүстік Америка, Еуропа және Азияда аралас жекпе-жек (сондай-ақ ММА – mixed martial arts деген атаумен белгілі) төбелестерін өткізетін спорт ұйымы. Ең басында, UFC шығарушылары, біржолғы жарыс ретінде қарастырып, ең тиімді төбелесу түрін анықтауды көздеді және ежелгі бразил вале-тудо жарыстарын еске түсіреді. Алғашқы 1993 жылы Денверде өткізілген жарыс, болашақта тағы жарыстарға жол ашты, бірақ Невада шататының басшыларының айтуы бойынша, жекпе-жектің ережесін өзгертуге тура келіп, оны көріністен айналдырды.
2001 жылы, «Station Casinos» ойынхана жүйесінің басшылары Лоренцо және Фрэнк Фертиттаның компанияны сатып алып, президент лауазымына бұрынғы бокс шараларын ұйымдастырушы кәсіпкер Дэйн Уайтты қойды. Осы жаңарулардың арқасында, UFC АҚШ-та және басқа елдерде жылдам таралды.
2006 жылдан бері, UFC жарыстары кәсіби боксқа ақылы телевизияда айтарлықтай бәсекелес болды: ақылы трансляция тапсырыстарының саны 1 000 000-нан жиі асып кетеді. 2007 жылы, өзінің ең үлкен қарсыластары жапондық Pride Fighting Championships ұжымын сатып алғаннан кейін, UFC әлемдегі ережесіз жекпе-жек жарыстарының ең үлкен ұйымдастырушысы болды.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
| Бұл мақалада дереккөздер жетіспейді. Ақпарат тексерілуі керек немесе мақала жойылуға ұсынылады. Сіз бұл мақаланы өңдеп үлес қоса аласыз: ол үшін сенімді дереккөздерге сілтеме жасау керек. |